Қайғылы оқиға бүгін, яғни 5 сәуірде болған
Көкшетауда құрылыс алаңында мұнара краны құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 5 сәуірде болған.
«Сағат 11:50-де Көкшетау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі салынып жатқан үйдің аумағында мұнара кранының құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан облыстық орталықтың 28 жастағы тұрғыны қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді қалалық ПД өкілдері.