Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр
Екібастұзда автокөлік банкоматқа соғылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 наурызда сағат 07:50 шамасында М.Әуезов көшесімен жүріп келе жатқан Lada маркалы автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей BMW көлігімен соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ
«Салдарынан екінші көлік ғимаратта орналасқан банкоматтардың қоршауына барып соғылған», – деді департаментте.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.