Ведомство өкілдері қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың терезеден құлап кету жағдайы жиілей бастағанын айтып дабыл қағады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ТЖМ өкілдерінің айтуынша, терезеден құлау қазіргі уақытта балалардың жарақаттануы мен өлімінің себептерінің бірі саналады. Балаларға ашық терезе алдында болу өте қауіпті. Әдетте, құлаудың барлық жағдайында балалар өздігінен терезе алдына көтеріліп, әр түрлі жиһазды тірек ретінде пайдаланады немесе москит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлап түседі.
«Мәселен, 29 наурызда сағат 16:40-та Қарағанды облысының Саран қаласында 1А ықшам ауданында 2020 жылы туған қыз бала 4-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен. Қайғылы жағдай болған кезде ұйде үлкен балалар болған. Қазір қыздың жағдайы ауыр.
Ал 29 наурызда сағат 20:26-да 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласындағы ағайынды Жұбановтар көшесіндегі 5-қабаттағы пәтер терезесінен 2021 жылы туылған қыз баланың құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті», - делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ балалардың терезе мен балконнан құлауына жол бермес үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді: