Қазақстан шекарасында халықаралық іздеуде жүрген қырғыз азаматы ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұсталған ер адам құқық қорғау органдарына тапсырылды

Фото: ашық дереккөзден

«Айша бибі» өткізу пунктінде Қырғызстанның халықаралық іздеуде жүрген азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, іздеуде жүрген ер адам 17 наурызда қолға түскен.

«Айша бибі» өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Ресей Федерациясында қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Қырғыз Республикасының азаматын ұстады», - делінген хабарламада.

Ұсталған азамат құқық қорғау органдарына тапсырылды.