$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ-та мектептердің бірінде атыс болып, 3 оқушы қаза тапты

Атыс ұйымдастырған адам да көз жұмған

АҚШ-та мектептердің бірінде атыс болып, 3 оқушы қаза тапты

АҚШ-тың Теннесси штатының астанасы Нэшвиллдегі христиан мектебінде атыс салдарынан кем дегенде үш бала мен үш ересек адам мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

BBC мәліметіне жүгінсек, шабуылшы 28 жастағы трансгендер әйел болып шықты, оны полиция атып өлтірді.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қылмыс Нэшвилдегі Бертон-Хиллз бульварында орналасқан мектепте жасалған. Оқиға орнына келген полицейлер атысқа кіріп, оқ атқан адамды өлтірді. Ол екі автоматпен және тапаншамен қаруланған.

Баспасөз мәслихатында полиция атыс кезінде қаза тапқандардың арасында үш бала мен мектептің үш қызметкері бар екенін айтты. Қайтыс болған үш баланың барлығы тоғыз жаста, екі ересек адам 61 жаста, тағы біреуі 60 жаста болды. Бір полиция қызметкері жарақат алды.

АҚШ президенті Джо Байден наурыз айының соңына дейін Нэшвиллде қаза тапқандарды еске алу ретінде елдің барлық ресми мекемесінде жалаушаларды түсіруді тапсырды.

Жаппай кісі өлтіру оқиғасы болған Нэшвиллдегі мектеп – бұл жекеменшік христиан бастауыш мектебі: балалар онда алтыншы сыныпқа дейін, яғни 11-12 жасқа дейін оқиды. Мектептің веб-сайтына сәйкес, онда 200-ге жуық оқушы білім алып жүр.

Education Week мәліметтері бойынша, осы жылы ғана АҚШ-тың 12 мектебінде атыс болып, қайтыс болғандар немесе жараланғандар тіркелді.

Серіктес жаңалықтары