Тағы бір адам ауруханада жатыр
Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Самара-Шымкент автожолының 1001 шақырымында Mercedes және Volvo екі жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан Mercedes автокөлігі өртеніп, оның жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды. Volvo автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.
ЖКО фактісіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.