$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.03.2023, 09:29
Оқиғалар

Шымкентте жасөспірім бала иіс тиіп қаза болды

Қайғылы оқиға 26 наурызда болған

Шымкентте жасөспірім бала иіс тиіп қаза болды
Фото: pixabay.com

Шымкентте 15 жастағы жасөспірім ұл бала иіс тиіп қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оtyrar.kz жазуынша, қайғылы оқиға 26 наурызда Ерімбетов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған.

Белгілі болғандай, 15 және 12 жастағы екі ұл ес-түссіз күйде табылған. Өкінішке қарай, 15 жастағы жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.

12 жастағы бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиға орнына келген «ҚазТрансГазАймақ» Шымкент өндірістік филиалының жедел тобы көптеген заңбұзушылықты анықтады.

«Су жылытатын құрылғының түтін шығатын құбыры қабырға арқылы сыртқа шығарылған және оның жан-жағы полиэтилен пакетпен бекітілген. Су жылытатын құрылғының мұржасы түтінді сыртқа тартпайды. Үй ішіндегі газ құрылғыларына қызмет көрсететін мекемемен келісім жасалмаған», — делінген компания хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары