Күдікті қамауға алынды
Абай облысының тұрғынынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғылықты жерін тінту кезінде 12 калибрлі Вепрь-12, оған 12 калибрлі 4 патроны бар, атуға жарамды резеңке оқтар, 62х39 атуға жарамды, (зауыттық тәсілмен жасалған), соққыға қарсы қорғаныс қалқандары, тапаншаға арналған қапшығы бар белдік және арнайы құралдар тәркіленген Аягөз ауданының тұрғыны ұсталды», - делінген хабарламада.
Күдікті қамауға алынды.
Аталған факт ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.