$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда тұрғын үйлерге қар суы кіре бастады

Әсіресе, Жұмысшы кентінде қауіп басым

Петропавлда тұрған үйлерге еріген қар суы кіре бастады. Әсіресе, Жұмысшы кентінде қауіп басым. Аталған ауданның орталық көшелерінде ғана суағарарлар бар. Шеткі аудандарда жолдар мен кейбір үйлердің аулалары шалшыққа айналған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.    

Солүстік Қазақстан аумағында демалыс күндері ауа температурасы көтеріліп, қар күрт ери бастады. Кейбір көшелерде аяқ алып жүру мүмкін емес.    

«Былтыр жазда 314-ші атқыштар дивиязиясы көшесі арқылы жылу құбыры тартыла бастады. Жұмыс қыста бірақ аяқталды. Мердігер жолды қалай болса солай жауап кетті. Қыс бойы қатып тұрған жабын, қармен бірге еріп жатыр. Жолдың әр жері опырылып, түсіп жатыр. Үстінен көлікпен жүруге қорқамыз. Тесіктерге ағаш қадап қойдым. Білмейтін жүргізушілер түсіп кетпесін деп. Мынадай сұмдықты алғаш көруім. Мердігер ақшасын алып кетіп қалған болар. Ал зардабын біз тартып жатырмыз», - дейді қала тұрғыны Санат Есмағұлов.   

Қалалық әкімдік өкілдері жауапты органдар жұмыс істеп жатқанын айтты. Өткен тәулікте коммуналдық мекемелер қала көшелерінен 20 мың текше метр суды сорды.   

«Тасқынға қарсы шаралар наурыздың 13-інен басталды. Қазір коммуналдық мекемелер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 84 адам, 43 техника, 24 су соратын құрал іске қосылған. Жұмысшы кенті, «Береке», «Ойқала», «Солнечный» аудандарына басымдық берілген. Аталған аумақтар ең көп жапа шегіп отыр. 10 тонна жанар-жағармай, дәл осындай көлемде дизельдік отын, цемент, құм, қиыршық тас сынды тағы басқа инерттік материалдар қорда бар. №12, 13, 14 мектепте эвакуациялық пунктер әзірленді. Адамдарды тіркеу журналдары дайын. Қауіп төне қалса, қауіпті аймақтағы жануарларды құтқаруға арналған орын да әзір», - дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова.  

Серіктес жаңалықтары