$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.03.2023, 09:24
Оқиғалар

Арнайы операция: ҰҚК қызметкерлері 100 келіден аса героин тәркіледі

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министірлігімен бірге бірнеше сатылы арнайы операцияның нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, ҰҚК жедел қызметкерлері жедел зерделеу барысында есірткі трафиктерін қалыптастыратын елдерде Қазақстан арқылы өзге шет елдерге шығаруға арналған апиын тектес есірткілердің ірі партиясы жинақталғаны жайында ақпаратқа қол жеткізді.

Кезең кезеңімен есірткіні тасымалдаудың жолдары мен айламен әкелу схемалары  анықталды.

Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткіні өткізуді ұйымдастыратын шетелдік азаматтың Қазақстанға келетіні туралы нақты мәлімет алынды.

«Жедел қызметкерлердің және «А» Арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматы қаласында 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды», - делінген хабарламада. 

Материал Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу амалдары жүргізілуде.

Халықаралық есірткі трафигі арналарының жолын кесу бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары