$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.03.2023, 08:32
Оқиғалар

Түркістан облысында өзенге ағып кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды

Кішкентай қыздың денесі 26 наурызда табылған

 

Түркістан облысында өзенге ағып кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды
Фото: POLICE_of_KZ

Түркістан облысында өзен ағысы алып кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кішкентай қыздың денесі 26 наурызда табылған.

«Түлкібас АПБ-ға Сайрам ауданының тұрғынынан Арыс өзеніндегі судан кішкентай қыздың денесін тапқаны туралы хабарлама келіп түсті», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 17 наурызда Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын өзінің 4 жасар қызын Арыс өзенінің ағысымен алып кеткені туралы айтып, арызданған болатын.

Баланы іздеуге Түлкібас АПБ-ның барлық жеке құрамы, ТЖМ және прокуратура өкілдері, 30 адамнан тұратын еріктілер бағытталды. Осы уақыт ішінде іздеу жұмыстары үздіксіз жүргізілді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр.

Тақырыпқа орай: Түркістан облысында суға кеткен 4 жасар қыз әлі табылмады

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарды қырағы болуға шақырады және балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары