Баланың денесін туыстары құдықтан алып шықты
Қызылорда облысында 1 жасар бала септикке құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша оқиға бүгін сағат 12: 55 -де болған.
Сырдария ауданына қарасты Тереңөзек кентіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде ересектердің қарауынсыз қалған 2022 жылы туған бала септикке құлап, қайтыс болды.