Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Теміртауда екі жастағы баланы өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске салайық, баланың денесі 23 наурыз күні қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын.
«Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласында баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Видео: t.me/POLICE_of_KZ