Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Баланың мәйіті 23 наурызда қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын

Фото ашық дереккөзден

Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Баланың денесі 23 наурыз күні қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын.

«Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол баланың анасымен бірге тұратын 24 жастағы ер адам екені белгілі болды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты іздеу жарияланып, оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

Өзге ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялауға жатпайды.