Ер адамның денесі ауыл шетінен табылған
Батыс Қазақстан облысында ауыл маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыстық оқиға Бәйтерек ауданы Октябрьское ауылында болған.
«Таңғы уақытта ауыл шетінен 2001 жылы туған ер адамның зорлық-зомбылық белгілері мәйіті табылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 2003 жылы туған азамат С. және 2005 жылы туған кәмелетке толмаған К. анықталып, ұсталды», - деп хабарлады БҚО ПД.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.