22 жастағы күдікті қамауға алынды
Алматы полициясы наурыздың 14-нен 15-не қараған түні Самал-3 шағынауданындағы балалар алаңында табылған ер адамның денесі туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Марқұмның денесі тұрғын үйдің терезелерінің астындағы орындықтардың жанынан табылған.
Бұл туралы хабарламалар бұған дейін әлеуметтік желілерде пайда болған.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, 35 жастағы ер адам алкогольдік ішімдікті бірге ішу кезінде туындаған жанжал нәтижесінде таныстарының пышақ сұғуынан жараланған. 22 жастағы күдікті қамауға алынды", - делінген полиция хабарламасында.