Өрт сегізінші қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан
Елордадағы «Нұрсая-2» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«4 наурыз күні сағат 19:59-да Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Достық көшесіндегі «Нұрсая-2» тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына елордалық ТЖД жеке құрамының 27 маманы мен 6 өрт сөндіру техникасы жіберілді», - деп жазылған хабарламада.
Өрт сағат 20:46-да сөндірілді. Тілсіз жау шарпыған аумақ шамамен 50 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.