Ақпан айының соңында елде бірнеше жер сілкінісі тіркелді
Тәжікстанда магнитудасы 5,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy some.kz-ке сілтеме жасап.
Жер асты дүмпулері 9 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 07:36-да ТЖМ "СОМ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен тіркелді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы-11,7. MPV магнитудасы 5,7", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 6 наурызда Тәжікстанда 4,7 балдық жер сілкінісі болды. Ақпан айының соңында елде бірнеше жер сілкінісі тіркелді.