Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды
Атыраулық полицейлер ұрланған қару-жарақты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қару-жарақ 28 ақпанда Ақсай елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағалауынан табылған.
«Полиция қызметкерлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың сақталған жерін анықтады. Тексеру кезінде Атырау ОПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағына тиесілі Форт - 500М мылтығы, 3 дана 12 мм калибрлі патрон, 2 ГСЗ ДК-130 ГСЗ граната, 1 ПР 54 резеңке таяқша және жеке қорғаныс құралдары, оқ өтпейтін кеудеше, каскалар тәркіленді», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.