23.02.2023, 14:44
Оқиғалар
Ақтөбе облысында ірі жол апаты болып, бірнеше көлік соқтығысты
Жол-көлік апаты 23 ақпанда Самара–Шымкент автожолында болған
Коллаж: Azattyq Ruhy
Ақтөбе облысында ірі жол-көлік апаты болып, бірнеше автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 23 ақпанда Самара – Шымкент автожолында болған.
«Маржанбұлақ аулының маңында 11 автокөлік соқтығысты. Алдын ала мәліметтер бойынша, апат жолдың нашар көрінуі салдарынан болған. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр жасау ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды