Төтенше оқиға бүгін сағат 08.00-де болған
Ақтөбеде бүгін мектептен өрт шығып, 950 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 22 ақпанда сағат 08:01-де 112 құтқару қызметіне №23 орта мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
«Шақырту орнына тез арада 53 құтқарушы мен 14 бірлік техника жіберілді. Шақырту орнына құтқарушылар жеткен кезде 1-қабатта орналасқан кабинет ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында мектеп лицейден 890 оқушы 60 ересек адам эвуакацияланды. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Өрт сағат 08:12-де толықтай сөндірілді. Өрттің алдын ала шығу себебі қысқа тұйықталу екені айтылды.
Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.