Қостанай облысында ер адамды өз туысы өлтіріп кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыстық оқиға 18 ақпанда болған

Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысында 40 жастағы ер адамды өз туысы өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыстық оқиға 18 ақпанда болған.

«Таңғы сағатт 5.00 шамасында бас жарақатымен 40 жастағы ер адам аудандық ауруханаға түсіп, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Белгілі болғандай, сол күні оның 23 жастағы алыс туысы жәбірленушіге қонаққа келген. Олардың арасында жанжал туындап, соның салдарынан ауыр жарақат алған 40 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген», - делінген хабарламада.

Күдікті қылмыс орнында ұсталды.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.