$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.02.2023, 11:57
Оқиғалар

Қазандықтағы жарылыс: Павлодарда зардап шеккен ер адамның жағдайы ауыр

Ер адамды термоингаляциялық күйік шалған

Қазандықтағы жарылыс: Павлодарда зардап шеккен ер адамның жағдайы ауыр
Фото ашық дереккөзден

Павлодарда қазандықтағы жарылыс кезінде зардап шеккен ер адамның жағдайы ауыр. 1979 жылғы ер адамды термоингаляциялық күйік шалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 43 жастағы тұрғынның басы, беті мен денесінің жоғары және төменгі бөлігін 40-45 % күйік шалған. 

"Зардап шеккен азамат жану өнімдерімен уланған. Жағдайы ауыр деп бағаланады", – деп хабарлады басқармада. 

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар ЖШС қазандығының ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылды. Салдарынан қазандық ғимараты жартылай қирап, шатыры құлады. Екі адам зардап шекті. Олардың біреуі компрессор-оператор болса, екіншісі – автогаз тасығыштың жүргізушісі.

Денесін күйік шалған 43 жастағы ер адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген. Ал 59 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

Серіктес жаңалықтары