Жол апатынан үш адам зардап шеккен
Маңғыстауда жол апатынан үш адам зардап шегіп, олардың біреуі аудандық аурухананың қабылдау бөлімінде қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жол апаты 28 ақпанда шамамен 13:10-да Шетпе-Жетібай тасжолында болды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Toyota Hilux маркалы автокөлігі мен «Камаз» жүк көлігі соқтығысты. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеді», - деп жазылған хабарламада.
Ал Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, зардап шеккен адамдардың беруінің аяғы сынған. Екіншісі медициналық көмектен бас тартқан.
«1991 жылғы ер адамның сол аяғының асықты жілігі жабық түрде сынған. Тағы бір зардап шеккен 1987 жылғы ер адам медициналық көмектен бас тартты», - деді басқарма өкілдері.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі боранды күндері жолға шықпауды сұрайды.