Оны полицейлер құтқарып қалған
Көкшетауда ер адам отбасылық жанжалдан кейін өз-өзін өлтірмек болған. Мұнарадан секіргелі жатқан адамды полиция қызметкерлері құтқарып қалды. Бұл туралы Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Оқиға 28 ақпан күні болды. «102» пультіне ЖШС аумағындағы Сүлейменов көшесінде ер адамның 10-15 метр биіктіктегі темір мұнарадан секіргелі жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Көкшетаудың патрульді полиция батальондарына бірден хабарланды. Оқиға орнына жеткен лейтенант Аслан Есмағзамов пен сержант Әділ Аюбай оны құтқарып қалды», - деп жазылған хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұнараға көтерілген лейтенант Есмағзамов 52 жастағы ер адаммен 20 минут тілдескен. Сонымен қатар оның ағасын шақырып, ер адамды мұнарадан төмен түсірген.