Ақтөбеде қалыңдығын өлтірген жігіт 11 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бірінші инстанциядағы сотта ол 10 жылға сотталған еді

Фото: diapazon.kz

Ақтөбе облысында Әсем Эльбрусованың өліміне қатысты аппеляциялық сот өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Бірінші инстанциядағы сот 23 жастағы сотталушыны 10 жылға соттаған еді. Сонымен қатар моральдық өтемақы ретінде үш миллион теңге төлеуін міндеттеген. Дегенмен, жәбірленуші тарап бұл үкімге қарсы шықты.

«Облыстық аппеляциялық сот алқасы үкімді өзгертті. Орынбасаров 11 жылға сотталды және ол моральдық өтемақы ретінде 7 миллион теңге төлеуі тиіс», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, 22 жастағы қызды жалдамалы пәтерде оның болашақ жолдасы Бақыт Орынбасаров буындырып өлтірген. Осы оқиғаға дейін жігіт қызға үйлену туралы ұсыныс жасаған.