Финляндия Украинаға Leopard танкілерін жіберу туралы әлі шешім қабылдаған жоқ – премьер-министр

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Бұған дейін Германия Финляндияның Экономика министрлігіне әскери лицензия беріп, Украинаға танкі жібереміз деп мәлім еткен 

Фото ашық дереккөзден

Финляндия премьер-министрі Санна Марин  мәлім еткендей, бұл ел Украинаға Leopard танкілерін жіберу туралы әлі нақты шешім қабылдамаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ВВС агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Бұған дейін Германияның Қорғаныс министрлігі елдің Экономика министрлігіне әскери лицензия беріп, Украинаға 178  Leopard танкісін жібереміз деген шешімін мәлім  еткен еді. Дегенмен, Финляндия премьер-министрі өзге елдерге қарағанда елдің ұстанымы басқаша екенін алға тартқан. 

«Біз Ресеймен шекараласатын болған соң, біздің ұстаным өзге елдердің ұстанымдарынан сәл басқаша», - деп мәлім етті Санна Марин.