Биньямин Нетаньяхудың үкіметі өткен жылдың соңында жасақталып, жұмысқа кіріскен
Израильдің ірі қалаларында он мыңдаған адам көшеге шығып, үкіметтің жаңа заңнамалық реформасына қарсылық танытып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ВВС агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, бұл наразылық акциясы осыдан алты апта бұрын басталған. Халық қазіргі премьер-министр Биньямин Нетаньяху бастаған министрлер кабинетінің реформалары мен жұмысына қарсы шығып отыр. Тель-Авив қаласында премьер-министрдің резиденциясын басып алмақ болған бір топ адам «Аялон» тас жолынан ары қарай өте алмай қалған.
Айта кетейік, Биньямин Нетаньяхудың үкіметі өткен жылдың соңында жасақталып, жұмысқа кіріскен. Премьер-министр бірден елдегі заңнама жүйесін реформаламақ.