Түркияда 139 сағаттан кейін жеті айлық сәби мен 12 жасар қыз үйінді астынан аман табылды

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Зілзаладан Түркияда 30 мың, Сирияда 3,5 мың адам қаза тапты

bbc.com

Жер сілкінісінен кейін бір апта уақыт өткеніне қарамай, құтқарушылар үйінді астынан тірі адамдарды іздеуді тоқтатқан жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жер сілкінісі болған сәттен кейін 139 сағат өткен соң Түркияның оңтүстігінде құтқарушылар жеті айлық бала мен жеті жасар Хамза есімді ұлды үйінді астынан аман алып шықты. Газиантеп қаласында 13 жасар ұл баланың аман қалуын бүкіл Түркия жұртшылығы ғажайыпқа теңеп жатыр.

Тура бір апта бұрын, яғни, 6 ақпан күні Түркия мен Сирияда жойқын зілзала тіркелген еді. Уақыт оларға қарсы жұмыс істеп жатса да құтқарушылар үйінді астынан тірі қалған адамдарды іздеп жатыр.

Жер сілкінісінен Түркияда отыз мың адам, Сирияда 3,5 мың адам қаза тапты.