Күдікті Павлодарда қолға түсті
Таразда ет өнімдерін алып беремін деген ер адам тұрғындарды 200 млн теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, алаяқтық фактісі бойынша бірнеше тараздық полицияға арызданған.
«Олардың айтуынша, белгісіз ер адам Ресей Федерациясынан арзан бағаға сиыр етін сатып алуды ұсынған. Жәбірленушілер келісіп, алаяққа 2020-2022 жылдар аралығында 200 млн теңге аударған. Павлодар полицейлері 36 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.