Түркияда жеті жасар қыз 95 сағаттан кейін үйінді астынан аман табылды

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Қыз бала қазір ауруханада жатыр

Фото: aa.com.tr

Түркияның Хатай провинциясында 95 сағат бойы қирандының астында жатқан 7 жасар Ася Донмез есімді қыз аман табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолу сайтына сілтеме жасай отырып.

Құтқарушылар генерал Шюкрю Қанатлы атындағы аудандағы үйінділердің астынан аман қалған азаматтарды іздеп жүрген. Түгел қираған көпқабатты үйіндінің астында баланың жатқанын білгенқұтқарушылар мен өрт сөндірушілер Асяның еш жеріне жарақат тигізбей, аман алып шыққан. 95 сағат бойы үйіндінің астында тірі жатқан бала қазір ауруханада.

Оқиға орнында құтқарушылар әлі де аман қалған азаматтарды іздеп, үйінділердің астын тазалап жатыр.