Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 14 мыңнан асты

Автор: Әйгерім Ердәулет

Жараланғандар саны 64 мыңға жуықтады

Фото: ria.ru

Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 14 014-ке, жараланғандар саны 63 794-ке жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны - 14 014, жараланғандар саны 63 794-ке дейін жетті», - деді Түркия басшысы Газиантеп провинциясында сөйлеген сөзінде.

Бұған дейін 13 мың адам қаза тауып, 63 мыңға жуық адам зардап шеккені белгілі болған.

6 ақпан күні таңертең Түркияның Кахраманмараш провинциясында 7,7 баллдық жер сілкінісі болды. Президент Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, бұл - 1939 жылдан бергі ең жойқын апат.