Ақау бүгін таңғы сағат 08:30-да болған
Рудныйда жылу магистралінен ақау шығып жүздеген тұрғын жылусыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Дзержинскийден Ленинге дейінгі аралықтағы Горняков көшесіндегі жылу трассасы жабылды, 24 көпқабатты үй, 59 жеке сектор, 17 заңды тұлға ғимаратына жылу беру уақытша тоқтатылды»,- деп мәлімдеді Қостанай облысының әкімдігі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де Рудныйда бірнеше апат орын алып, онда төтенше жағдай енгізілген еді.