Құдалық қазақтың әдет-ғұрыптарына сай өтті
Әлеуметтік желілерде Таиландта өткен құдалықтың видеосы тарады. Онда қазақ жігіті ұлттық дәстүрге сай тайландтық қалыңдығының туған-туыстарына сыйлық таратып, ұлттық нақыштағы киімдерді кигізген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, қазақ жігіті тайландтық қызға құда түскен екен. Күйеу жігіт алдымен жарының үлкен ағасына костюм сыйлады. Тайлықтар мұндай дәстүрге таңдана қарады.
Содан кейін інісіне шапан жауып, артынша оған да костюм кигізді. Әйелдер жағына ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген комзолдар таратылды. Қалыңдықтың анасы да дәл сондай сыйлық алды.
Тайлықтардың мұндай сыйлықтарға қуанышты екендері эмоцияларынан көрінді. Қалыңдықтың анасына жағалы киімнен бөлек, алтын сырға берілді.
Кейінірек қалыңдықтың өзі де анасының камзолын киіп көрді. Айта кету керек, әдетте дәстүр бойынша құдалықта үлкен кісілер атқаратын міндетті жігіт өз мойнына алды. Соңғы уақыттарда қазақстандық азаматтардың шетелдіктермен некелері көбіне қазақ әдет-ғұрыптарына сәйкес өтуде. Бұл көп адамдарға ұнайтын көрінеді.