07.02.2023, 10:19
Оқиғалар
Атырау облысында әйел екі бірдей сәбиін сатып жіберген
Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр
Атырауда әйел адам екі сәбиін сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қыземтіне сілтеме жасап.
«Облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2021 жылғы және 2022 жылғы сәбилерін сатқан, БҚО-ның 1991 жылы туған тұрғынын анықтады», - делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды