Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісі 3 мыңнан астам адамның өмірін қиды

Автор: Әсел Оршыбекова

Құрбан болғандар саны сағат сайын өсіп жатыр

Фото: bbc.com

Түркия мен Сирияны дүр сілкіндірген жер сілкінісі алдын ала болжам бойынша, 3000-нан астам адамның өмірін қиды. Құрбан болғандар саны үнемі өсіп келеді. Аймақта мыңдаған ғимарат қирады, үйінділердің астында әлі де адамдар бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Еuronews хабарлауынша, құрбан болғандар саны сағат сайын өсіп жатыр. Аймақта мыңдаған ғимарат қирады, үйінділердің астында әлі адамдар бар,

Сирияның Алеппо сияқты қалаларында жер сілкінісі салдарынан болған өлім мен қирау көпжылдық соғыстан туындаған қиындықтардан кейінгі үлкен соққы болды.

Нью-Йорктегі БҰҰ Ассамблеясының отырысында қаза тапқандар үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Бас хатшы Антонио Гутерриш «келіспеушіліктерді ұмытып, бірлік көрсететін уақыт келді» деп мәлімдеді.

«Біріккен Ұлттар Ұйымы табиғи апаттың салдарын жоюға қолдау көрсету үшін күштерді жұмылдырады. Сонымен қатар осы апаттан зардап шеккендердің барлығына көмектесу үшін ынтымақтастық принциптерімен бірге жұмыс істейік. Олардың көпшілігі гуманитарлық көмекке мұқтаж», - деді БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш.

Еуропалық Одақ Түркияға іздеу-құтқару топтарын жұмылдырды және сол жерде жұмыс істейтін көмек топтарын Коперник спутниктік жүйесімен қамтамасыз етті. АҚШ президенті Джордж Байден де қажетті қолдау көрсетуге уәде берді.

Үйінділерді тазалуға және Сирияда зардап шеккендерді іздеуге Ресей Қарулы Күштері тобының құрамынан 300-ден астам ресейлік әскер тартылды.