Шымкентте жасөспірім мұрнына сақина тағып, шеше алмай қалған

Автор: Әйгерім Ердәулет

Дәрігерлер құтқарушыларды шақырған

Шымкент қаласының Асар шағын ауданындағы ауруханасынан жасөспірімге көмек қажет екендігі туралы хабарлама «112» құтқару қызметіне келіп түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары барып, жас баланың мұрнына домалақ темір сақина секілді бөгде зат кигізіп, шеше алмай отырғандығын анықтады. Құтқарушылар арнайы слесарлы құралдарды пайдаланып, сақинаны мұрнынан шешіп берді»,-деді Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.