Ол өз қызметі үшін он адамнан 500 мың теңгеден алған
Алматылықтарға несиеге пәтер рәсімдеп беремін деп алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Күдікті қамауға алынды.
«1999 жылы туған А.есімді азамат іскер болып шықты. Ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезеңде тергеу ұсталған азаматтың 10 алаяқтық дерегіне қатыстылығын анықтады және жалпы материалдық шығын анықталып жатыр. Жас жігіт азаматтардың сеніміне кіріп, оларға ипотекалық пәтерлер алып беруге уәде берген. Ол үнемі 400-500 мың теңге көлемінде алдын ала төлем алып отырған. Содан кейін хабарсыз кеткен», – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.
Қылмыстық іс бойынша өндіріс жалғасып жатыр. Тергеушілер алдаудың жаңа деректерін анықтап жатыр.