Түркістан облысының тұрғыны танысының үйінен ет ұрлап кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысының тұрғыны танысының үйіне қонаққа барып, 30 келі етін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, үйінде тұрған 30 келі жылқы етін белгісіз біреу ұрлап кеткенін жеткізген. Келтірілген шығын көлемі – 75 мың теңге.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Тәртіп сақшылары хабар түскен бойда оқиға орнына жетті. Орын алған ұрлық қылмысын ашуға бағытталған шараларды жасады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті ер адамды анықтады. Ол жәбірленушінің танысы болып шықты.

Белгілі болғандай, сезікті жәбірленушінің үйіне қонаққа келген. Осы сәтте күдіктінің көзі жылқы етіне түсіп, алып кетуге арам ойы туындаған. Содан ойын іске асырып, еттің жартысынан көп бөлігін пайдаланып қойған.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.