Ауа райына байланысты полицейлер күшейтілген жұмыс кестесіне көшті
Солтүстік Қазақстан облысында 50 шақты көлік кептеліп қалды. Өңірде жаңбыр жауып, жолдар көктайғаққа айналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты полицейлер күшейтілген жұмыс кестесіне көшіп, барлық бағыт бойынша кезекшілік етті. Мәселен, олар Булаев қаласының маңында тұрып қалған жолаушыларға көмек көрсетіп, жол қозғалысын реттеп берді.
«Шектеу орнату барысында патрульдік полиция қызметкерлерімен барлық қажетті жұмыстар жасалды. Қауіпсіздік қамтамасыз етілді. Және облыс аумағында жол көлік оқиғалары тіркелген емес», - деді ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы Баян Байғаскин.