Шымкентте 5 жасар бала бассейнге батып кетті

Автор: Әсел Оршыбекова

Қайғылы оқиға 29 қаңтарда болған

Көрнекі фото ашық дереккөзден

Шымкентте ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршін суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қаңтарда болған.

«Сағат 17:25-те жедел медициналық қызметтен 2018 жылы туған баланың балалар бассейніне батып кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға Тұран ауданындағы 8-шағынауданда, Үркімбаев көшесінің бойындағы KASIET фитнес-клубында болған. Балалар бассейнінде шомылу кезінде (тереңдігі 1 метр 20 сантиметр, ені 5 метр) баланың суға батып кеткені, ересектердің қарауынсыз қалғаны анықталды», - делінген хабарламада. 

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.