Таразда 19 жастағы бойжеткен биіктен секіріп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр

Таразда 19 жастағы бойжеткен биіктен секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

27 қаңтарда сағат 15:50 шамасында Тараз қаласы ПБ жедел басқару орталығына мөлтек аудандардың бірінде құрылысы бітпеген ғимараттан қыздың секіріп кеткендігі туралы хабарлама түскен.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ-нің 105-бабымен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Секірген азаматшаның 19 жастағы қала тұрғыны екендігі анықталды. Ол шұғыл түрде облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

Оның суицидке бару себебі тергеп-тексеру шаралары барысында анықталатын болады. Басқа да мән-жайлар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.