Елорда әуежайында 6 рейс кешігіп, 5 рейс кейінге қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше рейс кейінге шегерілді

фото: халықаралық әуежай баспасөз қызметі

Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 6 рейс кешігіп, 5 рейс тоқтатылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Басқа қалалардан Нұр-Сұлтанға ұшып келуі тиіс екі рейс кешігуде.

  • «SCAT» әуе компаниясының 1 рейсі (Мәскеу);
  • «Qazaq Air» әуе компаниясының 1 рейсі (Қостанай).

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтаннан басқа қалаларға қатынайтын 4 рейс кешігіп жатыр.

  • «Air Astana» әуе компаниясының Омбы қаласына ұшатын 1 рейсі;  
  • «Qazaq Air» әуе компаниясының Қостанайға ұшатын 1 рейсі;
  • «SCAT» әуе компаниясының Ұлан-Батыр және Мәскеу қалаларына ұшатын 2 рейсі.

Сондай-ақ, «LOT Polish» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Варшава бағытындағы екі рейсі және «Air Astana» әуе компаниясының Алматы, Омбы және Мәскеу қалаларына ұшатын 3 рейсі кейінге шегерілді.

Ұшу жолағындағы көрініс – 350 метр, тігінен – 220 метр. Желдің екпіні – секундына секундына 23 метр. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.