Мектеп 320 орынға есептелгенімен, онда 1500 бала үш ауысымда оқиды
Алматы облысында 12 жастағы оқушының соққыға жығылу дерегі тергеліп жатыр. 5-сыныптың оқушысы төбелес кезінде басынан жарақат алып, миы шайқалған. Мектеп басшылығы болған оқиғаны ғимараттың тар дәліздеріне және үш ауысымдағы оқу кестесіне байланысты туындаған деп түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Төбелес 6-сынып оқушысына 5-сынып оқушысы дәлізде жол бере қоймағаны үшін басталған. Жасы үлкен оқушы өзінен кіші баланы жөнге салып қоймақ болып бірнеше рет жұдырық жұмсаған, соның салдарынан 5-сынып оқушысы еденге құлаған. Зардап шеккен оқушы ауруханаға жатқызылды.
«Бала түсен кезде оның бас ауырып, басы айналып, жүрегі айнып, қайта-қайта құса берді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, біртіндеп жақсарып келеді, жағдайы орташа ауыр дәрежеде. Бала біртіндеп көбірек қимылдай бастады, бірақ әлі де төсектен тұрмағаны дұрыс», - деп түсіндірді нейрохирург Есентай Жаңабаев.
Мектеп басшылығы болған оқиғаны тәртіптен емес, мектептің тарлығымен түсіндіреді. Мектеп 320 орынға есептелгенімен, онда 1500 бала үш ауысымда оқиды. Сондықтан кеңселер де, дәліздер де лық толы.
«Оқушылар үзіліске шыққанда төбелес қалған. Ағылшын тілі мұғалімдері балаларды ажыратып, зардап шеккентоқушыны екінші қабаттағы медбикеге апарды. Жарақат алған тұсына мұз қойылды. Біз бұл деректі жасырған жоқпыз. Олар Дереу балалардың ата-аналарына телефон соғып, шұғыл жиналыс өткіздік. Қазір мұғалімдер балаларды есік алдына дейін шығарып салады. Біздің дәліздеріміз өте тар. Бір бала екіншісіне тиіп кеткен, сонымен төбелес басталып кеткен», – дейді Қ.Әбдіғұлов атындағы №34 орта мектептің директоры Зәмзәгүл Марипова.
Зардап шеккен баланың анасы полицияға арыз жазып, ұлын соққыға жыққан оқушыны жазалауды талап етіп отыр. Оқиғаны кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия тексеріп жатыр.