27.01.2023, 10:39
Оқиғалар
Оралда түрмеде терроризмді насихаттан сотталушыға сот үкімі шықты
Сот шешімі заңды күшіне енді
Фото ашық дереккөзден
Оралда түрмеде терроризмді насихаттан сотталушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде терроризмді насихаттау фактісі бойынша «У» азаматына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
«2023 жылғы 5 қаңтарда Орал қаласының № 2 соты оны ҚР ҚК 256-бабының 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырды», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз хабарламасында.
Айта кетерлігі, «У» есімді сотталған 2020 жылдан бері түзету мекемесінде жазасын өтеу кезінде қамаудағылар арасында радикалды идеологияны таратып келген.
Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденіп, сот шешімі заңды күшіне енді.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды