Алматылық әйел өз баласын өлтіріп, артынша суицид жасады
Оның бұрынғы күйеуінің айтуынша, әйел соңғы айларда психикалық ауруға шалдыққан
Алматыда 42 жастағы әйел ұлын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсады. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша 1981 жылы туған әйел 12 жастағы ұлын бірнеше рет пышақтап, өлтіріп тастаған. Кейін өзін-өзі өлтірген.
ПД мәліметтері бойынша, әйел бұрынғы жұбайына аудио хабарлама жіберген. Онда ол өзіне жын қонғанын және ұлын өлтіргенін хабарлаған. Хабарламаны алған ер адам бұрынғы жұбайының үйіне келгенде ұлы мен әйелдің денесін тапқан.
«Қазіргі уақытта осы факт бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Алмалы аудандық полиция басқармасында бұл факт ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ер адамның айтуынша, оның бұрынғы әйелі соңғы айларда психикалық аурумен ауырған.