Токтаргазы Бакыт 24 қаңтарда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған
Алматыда екі күн бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы бозбала өлі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Lider.kz еріктілер қозғалысының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
17 жастағы Токтаргазы Бакыт сейсенбіде, яғни 24 қаңтарда сағат 14:00 шамасында Әуезов ауданына қарасты Мамыр-4 ықшамауданындағы №295 үйінен шығып кетіп қайтып оралмаған.
Бұл оқиғаға қатысты Алматы қалалалық Полиция департаменті пікір білдірді.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Суицидтің себептері анықталып жатыр»,- делінген қалалық ПД хабарламасында.