Алматыда жол-көлік оқиғасынан троллейбус жүргізушісі көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Апаттың мән-жайы анықталып жатыр

Алматы қаласының Әуезов ауданында жол-көлік оқиғасынан троллейбус жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq ruhy қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20 қаңтар күні сағат 07:10-да Kia автокөлігінің жүргізушісі - 1998 жылы туған Ж. есімді азамат Шаляпин көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатып, көшенің жүріс бөлігінде тұрған троллейбустың жүргізушісі - К. есімді азаматты қағып кетті. Апат салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болды.

Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген», - деді Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Сараптама тағайындалды. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.