Нұр-Сұлтанда көктайғақ: су соратын 200-ден астам техника жұмылдырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін көшелерге тайғаққа қарсы 1 000 тонна реагент себіледі

Елордада қар аралас жаңбыр жауып, нәтижесінде көктайғақ пайда болды. Осы жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан көшелеріне тайғаққа қарсы қоспа себу жұмыстары басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева хабарлады.

«Бүгін тайғаққа қарсы 1 000 тонна реагент себу жоспарланып отыр. Ертең де сонша реагент қолданылады. Арықтарды, нөсер суға арналған жүйелерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, көшеге су соруға арналған 200-ден астам ассенизаторлық машина шықты», - делінген хабарламада.