Тәртіп сақшылары сот-медициналық сараптамасын жүргізді
Екібастұзда көшеде үсіп қалған әйелдің жеке басы анықталды, деп хабарлайды Azattyq ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Сараптаманың нәтижесі бойынша 57 жастағы әйел адам аяздан үсіп қайтыс болғанын көрсетті.
«Әйелдің жеке басы анықталды. Ол 1966 жылы туған Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты», - деп хабарлады облыстық полиция басқармасында.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 12 қаңтарында Беркімбаев көшесінде денесінде зорлық-зомбылық сыртқы белгілері жоқ белгісіз әйелдің денесі табылды.
Облыстық полиция департаменті бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған болатын.